KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Төрт жүз мыңнан астам вейп жойылды

Сурет: ҚР ҚМА баспасөз қызметі

27.08.2024, 15:35 54 Айжанат Бақытқызы

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің  ақпаратына сәйкес, вейптердің таралуына қарсы күрес аясында қылмыстық істерді тергеу барысында тәркіленген шамамен 400 мың бірлік электронды құрылғылар жойылған.

2024 жылдың 20 маусымында вейптарды сатуға, әкелуге және өндіруге тыйым салатын заңнамалық түзетулер күшіне енгеннен бері агенттік вейптардың, хош иістендіргіштердің және оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымының 25 фактісін тоқтатты.

Көрсетілген кезеңде заңсыз айналымнан шамамен 22 мың электронды құрылғы, сондай-ақ 7 мың хош иістендіргіш, картридж және буландырғыштар тәркіленді.

Елордада вейптар мен оларға арналған сұйықтықтарды өндіру, сақтау және сатумен айналысқан ірі астыртын цехтың ұйымдастырушысы ұсталды.

Қылмыстық топ қолдан жасалған әдіспен глицерин, никотин және жасанды хош иістендіргіштерден тұратын сұйықтықты өндірген. 5 мыңнан астам темекі қоспасымен толтырылған дайын вейптар, 235 литр химиялық заттар — глицерин және пропиленгликоль, хош иістендіргіштер, сондай-ақ оларды өндіруге арналған құрылғылар анықталды.

Астыртын цехтың өндірістік қуаттылығы ай сайын 7 мыңнан 10 мыңға дейін электронды құрылғыны құрады. Қолдан жасалған барлық өнім республика бойынша вейпшоптарға таратылып отырған. Сот үкімімен аталған азамат сотталды.

Вейптардың барлық партиясы мен өндіріс жабдықтары жойылды. Электронды құрылғыларды шегу барысында бөлінетін буларда 30-дан астам қауіпті заттардың бар екені анықталған, ал қыздырылған кезде бөлінетін канцерогендердің концентрациясы едәуір ұлғаяды. Бұл жасөспірімдердің денсаулығына, зейініне және оқу қабілетіне зиянды әсер етеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив