KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Президент Үстел теннисі орталығына автобус сыйлады

Фото: t.me/aqorda_resmi

26.02.2024, 17:50 144 Оразай Жеңісұлы

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өскемендегі Үстел теннисі орталығын аралап көрді.

Мемлекет басшысына спорттың осы түрі бойынша өңірдің жетістіктері туралы мәлімет берілген болатын. Сондай-ақ тәжірибе алмасып, спорттық шеберлігін шыңдау үшін Үстел теннисі академиясын құру жоспарланып отырғаны жөнінде баяндалды.

Орталық үстел теннисі бойынша облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында құрылған. Мұнда ірі жарыстар, бұқаралық спорт шаралары мен оқу-жаттығу жиындары өткізіледі. Сондай-ақ инваклуб спортшылары, «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін кәсіби дәрістер, шоудаун (көзі нашар көретіндерге арналған үстел теннисі) ұйымдастырылады.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына автобус сыйлап, жас спортшыларға табыс тіледі.

Фото: t.me/aqorda_resmi

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив