Аягөзде тамыз конференциясы өтті
Аягөз ауданындағы “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” мәдениет үйінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында өткен педагогтардың тамыз конференциясына аудан әкімі Сеилбек Ысқақов пен қатар ауыл мектептерінен ұстаздар да келіп қатысқан.
Конференция барысында, Аягөз аудандық білім бөлімінің басшысы Азимбаев Нұрғали өткен оқу жылының қортындысы және жаңа оқу жылындағы мақсат міндеттері туралы баяндамасы тыңдалды.
Сондай-ақ, аудан әкімі Сеилбек Ысқақов ауданның үздік педагогтерін ҚР Білім және Ғылым минстрлігінің “Еңбек ардагері” төс белгісін, ҚР Оқу-ағарту минстрлігінің алғыс хатын және өз алғыс хаттарын табыстады.