KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

Кітаптағы кейіпкерлері адам мінезінің қалыптасуына әсер етеді

31.03.2021, 10:51 264

21 ғасыр. 2021 жыл. Кітап оқитын жандар бар ма? Кітап оқуға қызығушылықты қалай оятуға болады? Қандай жанр қызықты? Міне, осындай сұрақтар көбінде болады. Кітап оқу үшін жазушы болу міндетті емес. Кітап саған бір пайда беруі тиіс. Әр адамға әртүрлі жанр ұнайды. Кітап кейіпкерлері адамның мінезінің көркем болып қалыптасуына әсер етеді. Ал мені өзгерткен кітап қандай?

Кітап оқуға деген қызығушылығым бастауыш сыныптан басталды. Маған минутына 180 сөз оқы деп тапсырған. Сол кезде «үздіктің бірі боласың» деп мотивация берген. Үздік оқушы болмадым, бірақ кітап мазмұнын тез түсінуге дағдыландым.

Мен оқыған бірінші кітап - Джеймс Гринвудтың «Өгей бала» кітабы. Бұл кітапты оқып көзіме жас келді.   Кітаптан түсінгенім, көңілге түйгенім аз емес. Неге үйретті? Ең бастысы, қарапайым болуға, адал жолмен әрекет етуге үйретті. Кітаптағы басты кейіпкерді елестетіп, көңілім босады. Өзіне тамақ табу үшін жақындарынан айырылады. Жалғыз досын да жоғалтады. Жастайынан өмірдің қиындықтарын көреді.

Екінші оқыған кітабым - Робин Шарманың «Монах который продал свой феррари». Бұл кітап өмірімді 180 градусқа өзгертті. Менің психологиялық кітаптарға қызығушылығым оянды. Бұл кітап жетістікке жету құпиялары туралы. Мен қалай тез жақсы нәтижелерге жетуге болатынын түсіне бастадым. Өзімді мазалаған барлық сұраққа жауап таптым десем де болады. Егер жетістікке жеткің келсе, жақсылыққа құштар бол! Өміріңнің әр сәтін бағала. Жақсы кітап – адамның жақын досы! Досыңмен сырласуды үйрен!


Әмина Марданманова,

11-сынып оқушысы

Өскемен қаласы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив