KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

"Алтайские Альпы" - Өскеменнің іргесіндегі тау-шаңғы курорты. Бағалары қандай?

18.12.2019, 05:18 215

Шаңғы курорты Өскеменнен 30-ақ шақырым жерде орналасқан. Көк түтінге көмілген қаладан шыға салып қардың ақ ұлпасын көтере алмай тұрған қалың қарағай мен шыршаның арасына кіріп кетесіз. Болды. Одан кейінгіні бір ертегі әлемі дей беруге болатын шығар. Үйткені мұнда табиғат атты шебердің ғана қолынан келетін сұлулық бар. Түп-түзу өскен таудың тәкаппар шыршалары мен Алтайға еркелген әппақ қайыңдар...

Енді «Алтайские Альпы» базасы туралы біраз мағлұмат бере кетейік. Үлкен сайдың ішінде қонақ үйлер орналасқан. Таудың екі жақ беткейінде төрт шаңғы жолы мен биікке  көтерілетін  екі (бугельді арқан және кресло) жол бар. Өскеменнің маңайындағы  адам көп баратын  жерлердің бірі осы. Өйткені қай жолдан болсын үстіне қызылды-жасылды  шаңғы костюмін киіп алып құйғытып бара жатқандарды көрер едіңіз. Биіктігі 1 шақырымға жуықтайтын тау жолдарында таңдау көп. Ол үшін мына суретке қараңыз.

 

Шаңғының құлағында ойнайтындарға  меселі қайтпасын деп  арнайы  тау бедерлерінің күрделі  жерлері таңдалып берілген. Одан қалса орташа жолдар немесе жаңадан үйреніп жүргендерге арналған жайпақтау төбелер ұсынылады. Келушілер аталмыш базаның осы артықшылықтарына қызығатын болуы керек.  Шаңғы базасына қазірдің өсінде қанша қаржы және күш-қайрат салынғанын байқау қиын емес. Тау жиегіндегі омбы қардың  арасынан түтіні будақтай қаз-қатар орналасқан шағын және сүйкімді ағаш үйлер, монша, шаңғы жолдары, жалға берілетін спорттық керек-жарақтар  түнгі сырғанақ үшін тау жолдарын жарықтандыру, қонақ үйлер қызметі бәрі-бәрі бір-ақ күнде жасалмаған дүние екені белгілі.

 

Енді «бағасы қанша?» деген заңды сұрақ туады ғой. Бағасы анау айтқандай тым қымбат емес, арзан деуге де келмейді. Ең бастысы бұл жердегі басымдық  шаңғы жолдары мен шаңғы тебуге берілген. Шаңғыға қатысты бағаның бәрі халықтың қалтасына сай кесіп-пішілгендей болып көрінеді. Басқа дүниелерге  база басшылығы онша бас ауыртпаған да сияқты. Әлгі сән мен салтанаттан майысып тұрған «домиктерден» гөрі бұл жерде  түрлі-түрлі шаңғы бағыттарына, орындығы бар арқан жолдарға көбірек көңіл бөлінген.

 

Өскемендіктер  тауы үйінің жанында тұрғандықтан бұл жерге қону үшін емес тек шаңғы тебу үшін ғана келеді. Бугельді арқан жолмен бір рет көтерілудің құны 450 теңгеден басталады. Сонымен қатар ақшасын төлеп қойып күні бойы лимитсіз көтеріле беруге болатын ски-пасс нұсқасы және бар. «Өскеменнен Алтайские Альпы» базасына жету үшін  такси жалдауыңыз керек. Ол да 2000-3000 теңгенің айналасында. Демалыс күндері Өскеменнен базаға дейін тегін автобустар жүріп түрлі жеңілдіктер де ұйымдастырылып жатады.

 

Такси демекші, Өскеменге келген қонақтың ұялы телефонында міндетті түрде «Индрайвер» немесе «Апару» сияқты  мобилдік қосымша болғаны дұрыс, Өскеменде көшеде қол көтеріп тұрған адамға бос кетіп бара жатқан таксидің өзі тоқтамайды. Солай қалыптасқан. Ұшақтан не пойыздан түсе салысымен жаңағы айтқан мобилді қосымшаңызға  баратын жеріңіз бен тұрған жеріңізді жазсаңыз болды, әп-сәтте такси келеді.

Тауға арналған керекті жабдықтарды жалға беру де қарастырылған. Шаңғы – 3000тг, сноуборд – 1500 тг, балаларға арналған шаңғы 2000 теңгеден басталады. Жалпы курорт туралы, толық ақпаратпен мына сайттан таныса аласыз.

«Алтайские Альпы» (администратор нөмірі): +7 777- 401-53-60

 

 

 

 



Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу