KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Сары аязда ыстық шай ұсынған семейлік кәсіпкер

23.01.2018, 11:28 104

Семейлік кәсіпкер Елизавета Закимова автобус аялдамасындағы жұртқа ыстық шай ұсынып, алғысқа бөленді. Үскірік аязда қоғамдық көліктерін зарыға күткен тұрғындар үшін бұл көп-көрім көмек болды. Елизавета Закимованың «Медакадемия» аялдамасымен жапсарлас орналасқан дүңгіршекте кәсіп еткеніне бірнеше жыл болды. Маңында көптеген оқу орындары мен мекемелер орналасқандықтан аялмададан адам  қарасы үзілмейді.



– Бұл маңда үлкен ғимараттар,нысандар көп болғанмен кіре салып, жылына қоятын жер жоқтың қасы. Біздің дүңгіршегімізде үнемі ыстық   шай қайнап тұрады. Сондықтан осы үскірік аязда  аялдамадағы тұрғындардың бойын жылытып, ыстық шай ұсынып тұрамыз деп шештік,-дейді кәсіпкер әйел.


Осылайша кешеден бері бұл дүңгіршек маңында автобус күткендердің жолы болды. Тиісті көліктері келгенше, ыстық шайды тегін ішіп, үскірік аяздан сақтанып жатыр.


Кәсіпкер әйелдің осы бір әдемі әрекеті көптеген кәсіп иелеріне үлгі боларлық дүние екені сөзсіз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив