KZ
Өскемен
+10°
дождь жел 2 м/с, СБ
441.44 473.09 4.75

Семейдегі Шәкәрім университетінің өз күйі бар

18.01.2019, 10:57 398


Семейдегі Шәкәрім университетінің өз күйі пайда болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


ЖОО-ның әнұраны деген бар... Ал университет күйі дегенді бірінші рет естуіміз. Тың бастаманы алғашқы болып қолға алған Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет.


Университет баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл іске ректор Мейір Ескендіров бастамашы болған.

– Біз Қазақстандағы әнұранынан бөлек өз күйі бар бірінші университет болдық. Күйдің аты – «Шәкәрім шаңырағы». Бұл атаумен ұжымның ауызбіршілігін танытқымыз келеді, – дейді ЖОО-ның баспасөз хатшысы Ботабек Төкешкәдіров.


Туындының авторы – белгілі күйші Айбек Бекбосынов. Шәкәрімдіктер бұл бастама Қазақстанның өзге де жоғары оқу орындарына үлгі болады деп үміттенеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив