Өскеменде жол-көлік апатынан бір адам көз жұмды
Бүгін таңертең Жібек жолы даңғылында жол-көлік апаты болып, бір адам көз жұмды.
«LADA Kalina» маркалы автокөлігін тізгіндеген әйел адам автокранмен соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің 31 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу). Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қала тұрғындары әлеуметтік желіде оқиғаға жолдың осы учаскесінде бағдаршам орнатылмауы себеп болуы мүмкін екенін жарыса жазып жатыр.