Жарылыстан жарақат алып, сәбиінен айырылды
Фото: шартты сурет
Жаңаөзенде болған кешегі жарылыстан зардап шеккен жүкті әйел түсік тастады.
Ал өзіне ота жасалуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан 13 адам орталық ауруханаға жеткізілген.
Оның жетеуі – балалар, олар жарақатының жеңілдігіне байланысты үйлеріне қайтарылған.
Қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар травматологиялық бөлімге түскен орташа жағдайда күйік алған 2 кішкентай қыз ем алып жатыр.
Ал реанимация бөліміне түскен ер адамға ота жасалған.
Жалпы, жарылыстан 3 науқас ауыр халде жатыр. Оның бірі жедел жәрдеммен Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлердің бақылауында.
Естеріңізде болса, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, барлығы 4 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.