KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
497.89 525.12 5

Кореяның танымал жүзімі Қазақстанда қайта тексеріледі

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 14:00 36 Гульжан Мусина

Танымал корейлік «Шайн мускат» жүзімі зиянды заттар құрамында болуы мүмкін бе? Бұл сұрақты Мәжіліс кулуарында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа қойылды,- деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Министр журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Қазақстанға әкелінген әрбір өнімнің міндетті түрде тексерілетінін айтты. Өнімдерден сынамалар алынып, зертханалық талдаулар жүргізіледі.

– Қайта тексеруге дайынбыз. Өтініш жазыңыз, біз тағы бір тексеру жүргізіп, нәтижесін хабарлаймыз. Шын мәнінде, елге өнім кірген кезде сертификат беріледі және зертханаға тапсырылады. Лабораториялық жабдықтарды жаңартып жатырмыз. Мысалы, қазір ветеринария саласына тоғыз жаңа құрал сатып алудамыз. Бұл бізге өнім сапасын бақылауды жеңілдетеді, – деді Сапаров.

Министр танымал жүзімді өзі әлі байқап көрмегенін, бірақ оны қайта тексеруге тапсырма беретінін мәлімдеді.

– Тексеріп көреміз. Бүгін корей жүзімін тағы бір рет тексеруге тапсырма беремін. Менің ойымша, өнім шекарадан өткен болса, құжаттары мен сертификаттары бар. Егер ол заңсыз жолмен әкелінсе, бұл басқа мәселе. Бүгін комитет өкілдеріне тапсырма беріп, сынама алуды ұйымдастырамын. Нәтижесін қосымша хабарлаймыз, – деді Айдарбек Сапаров.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу