KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
479.23 534.96 5.16

Кәсіпкерлер жер учаскесін жалға алу кезінде әкімшілік кедергі келтірген – Өскемен

Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарды іс-қимыл агенттігі

14.06.2023, 10:14 373 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да құрамына облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы енген бизнесті қорғау жөніндегі жұмыс тобы кәсіпкердің өтінішін қарады.

Өз өтінішінде кәсіпкер «ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорық» коммуналдық кәсіпорнының лауазымды тұлғаларына шағымданған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Яғни кәсіпкер веломобильдерді жалға беру нүктесін бұрын жабдықтап, осы жерде қызмет көрсеткен, алайда 2023 жылдың наурыз айынан бастап кәсіпорынның басшылығы кәсіпкермен аталған жер учаскесін жалға беру шартын жасасудан бас тартқан. Коммуналдық мекеме басшысының жер учаскесін беру үшін жалға алушыны жеке таңдауға құқығы бар. Жалға алушыны таңдау процедуралары мен критерийлері бекітілмеген.

Антикор мен «Атамекен» ӨКП араласқаннан кейін мұражай басшылығымен кеңес өткізіліп, нәтижесінде кәсіпкермен шарт жасалды. Осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және осындай жер учаскелерін бөлу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыс бойынша қоғамдық парктер аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру туралы шарттар жасасу үшін аукцион өткізу туралы ұсынымдар әзірлеуде.

Сонымен қатар қоғамдық саябақтардың белгілі бір тәртіппен жұмыс істеуі үшін саябақтардың ортақ тұжырымдамасын әзірлеу, өтінімдер жобаларын жариялау және т.б. жолымен критерийлердің ашықтығын қамтамасыз ету мәселесі қарастырылуда.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив