KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
475.18 510.72 5.47

Ұлан ауданы орталығының әкімі заңсыздыққа жол берген

4.07.2017, 04:11 175

Ұлан ауданының прокуратурасы ауыл округтерінің әкімдіктерінде кәсіпкерлер құқықтарын қорғау туралы заңнамалардың орындалуын тексерді. Нәтижесінде ауылдық округтердің әкімдері мектептердегі асханаларды жалға беру ақысын заңсыз арттырғаны анықталды.


Мемлекеттік мүлікті жалға беру (жалға алу) ережесінің 53 бөлігіне сәйкес мемлекеттік мүлікті жылдық жалдау ақысын есептеу үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушы қызметінің түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің базалық мөлшерлемесі негізінде жүзеге асады.


– Осы жылдың 6 қаңтарында Қасым Қайсенов кентінің әкімі Мәрсеков атындағы орта мектептің алаңы 134 шаршы метр асханасын ай сайынғы 34 611 теңге төлеммен жеке кәсіпкер Б. Жексенбиновқа жалға беру туралы шарт жасаған. Бірақ, шарт жасалғанда жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент 1,3 болып белгіленген, ал шын мәнінде оқу орындарында қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін белгіленетін коэффициент – 0,5. Сонда жалға алу бағасы 13 311 теңгені құраушы еді, бұл белгіленген ақыдан 21 300 теңгеге аз. Жеке кәсіпкер Б. Жексенбинов жыл көлемінде жалпы сомасы 255 600 теңге зардап шегуі мүмкін еді. Осы тектес заңбұзушылықтарға Огневка кентінің әкімі де жол берген, – деп мәлімдейдіҰлан ауданының прокуратурасы.


Сонымен қатар, кейбір ауыл әкімдері шарт жасау барысында аумақтық орналасуы ескерілетін коэффициенттерді заңсыз қолданған. Мұндай бұзушылықтарға Азов, Бозанбай, Өскемен, Саратов, Егінсу, Тарғын ауылдық округтерінің әкімдері жол берген. Нәтижесінде 18 кәсіпкердің құқығы бұзылған.


Прокуратура аудан әкімінің атына заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіп, сегіз лауазымды тұлға тәртіптік жауапқа тартылды. 18 кәсіпкермен қосымша келісім жасалып, жалға беру бағасы қайта есептелді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив