KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 4 м/с, В
472.57 508.34 5.4

49 жыл жалға алынған жер телімдерінде өзгеріс бола ма?

1.05.2016, 18:00 169



Жерді 49 жылға дейін жалға беру туралы норма сонау 2003 жылы, Жер Кодексін қабылдаған кезде енгізілген болатын.
2016 жылғы 1 шілдеден кейін де жалға беру туралы келісімшарт өз күшін сақтайды, ол жерлерді ешкім қозғамайды. Есесіне, бүгінгі жалға алушылардың, Қазақстанның азаматтары мен заңды тұлғаларының осы телімдерді жеңілдік шарттылықтарымен сатып алуына мүмкіндік туындайды. Бұл үшін әкімдікке өтініш жазу керек. Сол жерде тікелей сату келісімшарты жасалып, яғни аукционға түсірілмей, жалға алушы жердің иесіне айналады. Бұл ретте жер телімінің құны кадастрлық құнның 50 пайызын құрайды және жалға алушы жер телімін 10 жылға бөліп төлеу мерзімімен сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

ШҚО Ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив