Күршім ауданының таулы жерінде шөп өртенді
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Күршім ауданының Құйған ауылдық округінде шамамен 6 га алаңда таулы жерлерде шөп өртенді.
Таулы аймақ пен қатты желдің екпіні салдарынан өрт бірден үлкен аумаққа тарады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өрт жетуі қиын жерде орын алғандықтан, жаяу жұмыс істеуге тура келеді.
- Өртті сөндіруге Үлкен Нарын және Күршім орман шаруашылықтарынан, ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінен 23 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта «Қазгидромет» ақпараты бойынша өрт орнындағы жел екпіні секундына 3 метрді құрайды.
Оқи отырыңыз