Көкпекті-Васильев тасжолында жол апатынан 1 адам көз жұмды
Көкпекті ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы болып, 1 адам көз жұмды.
Полицияға семейлік тұрғын хабарласып, Жансары ауылының маңында белгісіз адамды көлік қағып кеткенін айтқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Зардап шеккен адам алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
"ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған ЖҚЕ бұзу)", - деп хабарлады Абай облыстық ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз