Құтқарушылар ойын нысанына аяғы қыстырылып қалған балаға көмектесті —Өскемен
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
ШҚО ТЖД дерегінше, Өскемен қаласында балаларға көмек қажеттігі туралы бір күнде екі шақырту түскен.
Тіркелген дерекктің бірінде балалар алаңында ойнап жүрген бүлдіршіннің аяғы сырғанауға арналған төбешіктің құрылымына қыстырылып қалған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар төбешіктің бөлігін кесіп, баланы құтқарды.
— Бұл — бүгін балаларға құтқарушылар көмегі қажет болған екінші жағдай. Құтқарушыларымыз барынша ұқыпты және ауыртпай көмек көрсету үшін бар күшін салды - деді ШҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Арман Тоқанов.
Оқи отырыңыз