ОБСЕ өкілдері сайлау учаскесінің жұмысын оң бағалады - Глубокое ауданы
Глубокое ауданы Прогресс ауылындағы 494 учаскеге ОБСЕ өкілдері Mary-Margaret Knudson мен Kiss Benadik келді.
Учаске төрағасы Рыскүл Мұратбекова ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болғандықтан бақылаушыларды аудармашының көмегінсіз-ақ дауыс беру науқаны бойынша ақпаратпен таныстырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қонақтар сайлау учаскесінің жұмысынан кемшілік көрмегендерін айтты. Ал дауыс беруге келген Прогресс ауылының ардагерлер кеңесі төрағасы Нина Николаевна Жаканова сайлауға қатысты пікірімен бөлісті.
- Біз айтқан сөзінде тұратын адамдарға дауыс береміз. Барлық үміткерлердің сайлау алды бағдарламасымен танысқанбыз. Олардың айтқаны жүзеге асады деп сенеміз, - дейді ол.
Ауданда дауыс беру жалғасуда.