KZ
Өскемен
-8°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

"Биылғы шілде – шілделердің ең ыстығы" – NASA

6.08.2019, 05:16 153

2019-дың шілдесі әлемде осы уақытқа дейінгі ең ыстық ай болып тіркелді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

NASA космостық агенттігі және басқа да метеорологиялық бақылау орталықтарының ақпаратынша, соңғы төрт жылдың шілдесі бақылауда болған барлық уақыттағы айлардың ең ыстығы болып тіркелді.

Бұл статистика орбитаға жіберілген Еуропалық агенттіктің спутнигі арқылы белгілі болды. 2014 жылы ұшырылған бұл спутник ғаламшардағы ауа құрамын және құрлық пен судағы барлық құбылысты бақылап, түсіріп отырады.

Агенттік температураның көрсеткішін нақты айтқан жоқ әлі. Белгілісі –  бұл айдың әзірге рекордты көрсеткіште тұрған 2016-ның шілдесінен асқаны.

Мамандар сөзінше, Еуропа елдеріндегі күннің қапырық болуы кеңістікке кетіп жатқан ыстық ауа салдарынан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу