KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
518.57 566.59 6.05

Ауыл шаруашылығы саласында техника жаңартылуда - ШҚО

pexels.com

4.04.2025, 11:30 179 Төлеуғазы Жансая

Егіс науқанына - көктемгі дала жұмыстарына қажетті техника қоры Шығыс Қазақстанда жеткілікті. Аймақта 9065 трактор және 7116 егіс пен топырақ өңдеу агрегаты 98 пайызға дайын күйге келтірілген. Қала-аудан әкімдіктерінің бұл мәліметтері облыс әкімдігінде өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жалпы, ағымдағы жылға техника паркін жаңарту үшін 1322 трактор мен 141 комбайнды есептен шығару, орнына 484 жаңа техника сатып алу көзделген. Оның ішінде 233 трактор, 26 комбайн алу бар.
1 сәуірге дейін облыс бойынша 3 млрд теңгеге 66 трактор, 1 млрд теңгеге 6 астық жинайтын комбайн сатып алынды. Сондай-ақ, Павлодар мұнай-химия зауыты арқылы шаруа қожалықтарына 15,7 мың тонна жеңілдікті дизель отыны бөлініп отыр. Жағармай құны литріне 254 теңгеден аспайды.

- Қазіргі мақсат - техниканы дер кезінде жаңартып, шаруалардың өнімді жұмысына жол ашу. Тозығы жеткен техникамен еш шаруашылық ұзаққа бармайды, - деген ШҚО Ауыл шаруашылық басқармасы басшысының м.а. Дамир Мамиев бұл бағытта тиісті жұмыстар уақтылы атқарылып жатқанын жеткізді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу