KZ
Өскемен
+28°
небольшая облачность жел 5 м/с, З
443.44 480.51 4.88

Өскеменде 2 ақпан күні мәнерлеп сырғанаудан турнир басталады

1.02.2019, 04:02 139


Облыс орталығында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 130 жас спортшы өнер көрсетеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Ақпан жұлдызы» атты ШҚО ашық біріншілігі Б. Александров атындағы спорт сарайында 2 ақпан күні сағат 12.30-да басталады.


Жарысқа  Өскеменмен бірге Қарағанды, Астана, Қостанай, Шымкент, Павлодар және Алматы қалаларының спортшылары қатысады.


– Біз осындай турнирлерді жыл сайын өткіземіз. Бұл өте ірі жарыстардың бірі. Мысалы, биыл 130 жас жеткіншек қатысады. Біріншілік екі күнге созылады: сенбі және жексенбі. Салтанатты ашылуы 12.30-дан 13.00-ге дейін, жабылуы 3 ақпанда сағат 16.30-да, – дейді «Звездный» мәнерлеп сырғанау клубының өкілі.


Айта кетейік, кіру тегін. Турнир кестесін «Звездный» мәнерлеп сырғанау клубының әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан көруге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив