KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
443.35 475.54 4.82

Шығыстың «қара маржандарына» тең келер ешкім болмай тұр

23.01.2019, 04:10 174


Өскеменде жеңіл атлетикадан өтіп жатқан ел біріншілігінде Шығыстың «қара маржандарына» тең келер ешкім болмай тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Естеріңізге салайық, осыдан біраз бұрын «Altay Athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубының төрт бірдей кениялық мүшесі, атап айтсақ, Каролин Кипкируи, Дэйзи Джипкемей, Нора Джеруто мен Шэдрак Коеч Қазақстан азаматтығын алып, елішілік жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болған-ды.


Кениялық желаяқтар республикалық жеңіл атлетика федерациясы басшылығы тарапынан артылған сенімді бірден ақтай бастады. Ел біріншілігінің алғашқы күні жарыс жолына шыққан сужаңа отандастарымыздың төртеуі де жеңіс тұғырына көтерілді.

Алдымен ерлер арасындағы үш мың метрге жүгіру сайысында Шэдрак Коеч топ жарып, облыс құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.


Ал бұдан кейінгі сайыс тіптен шығысқазақстандық спортшылардың бенефисіне айналды. Әйелдер арасындағы үш мың метрлік жарыста Каролин Кипкируи, Дэйзи Джипкемей мен Нора Джеруто үштігі мәре сызығын бәрінен бұрын кесіп, сәйкесінше ел біріншілігінің алтын, күміс және қола жүлделерін қанжығаларына басты.


Айта кетейік, облыс орталығындағы Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика манежінде өтіп жатқан ел чемпионаты бүгін аяқталуы тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив