KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
440.9 475.95 4.82

«Altay Athletics» клубының қыздары Қазақстан азаматтығын алмақ

21.12.2018, 12:10 133


Жақын арада «Altay Athletics» жеңіл атлетика клубының құрамында өнер көрсетіп жүрген кениялық желаяқтар Қазақстан азаматтығын алуы ықтимал. Бұл туралы бүгін Өскеменде өткен ел жеңіл атлетика федерациясының 2018 жылғы қорытынды конференциясында федерация президенті әрі ШҚО әкімі Даниал Ахметов хабарлады.


– Ел жеңіл атлетикасын жаңа деңгейге шығарамыз десек, бізге осындай саңлақтармен жұмыс істеу қажет. Нора Джеруто, Дэйзи Джипкемей сынды жеңілатлеттер еліміздің азаматтығын алып, ұлттық құрамада өнер көрсетсе, жастарымызбен қатар жаттығып, тәжірибе бөліссе, оның несі жаман?! Қайта осы кениялық сақа спортшылардың көмегімен біз өз жастарымыздың ішінен болашақ чемпиондар легін дайындап шығарамыз. Негізі, шетелдіктерден үйренеріміз көп. Мәселен, осы кениялық спортшылардың таңғы сағат алтыда қала сыртындағы трассалардың бірінде жүгіріп, жаттығу жасап жүргендерін өз көзіммен көрдім. Нағыз кәсібилік деп осыны айту керек. Бапкерлеріміз де басқа елдердегі әріптестері сияқты күніне 4-5 сағат жұмыс істеп дағдылануы қажет. Қазір жаттықтырушыларымыз шәкірттерімен күніне әрі кетсе 1,5 сағат қана жұмыс жүргізеді. Қалған уақытта бос. Мұндай жаттығулардан кейін спортшыларымыз қалай жақсы нәтиже көрсетсін? Сондықтан бапкерлеріміз өздерінің жұмыс жүйесін түбегейлі өзгертулері тиіс. Әйтпесе, шетелдік мамандардың қызметіне жүгінетін боламыз, – деді облыс әкімі.


Айта кетейік, 2018 жылдың өзінде ғана құрамында кениялық Нора Джеруто, Каролин Кипкируи, Дэйзи Джипкемей мен Шэдрак Коеч сияқты спортшылары бар «Altay Athletics» клубының жеңілатлеттері 39 елде өткен түрлі деңгейдегі 140 жарысқа қатысып, 83 медаль жеңіп алды.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив