KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Астанада «Altay Athletics» желаяқтарына тең келетін ешкім болған жоқ

18.09.2018, 03:25 195


«Altay Athletics» спортшылары Астана қаласында өткен Astana Marathon халықаралық жарысына қатысып, клуб қоржынын кезекті жүлделерімен толықтырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Биыл 10-шы рет ұйымдастырылған байрақты бәсекеге әлемнің 20-дан астам елінен төрт жарым мыңға адам қатысуға ниет білдіріпті. Жарысқа қатысушылар 10 және 42,2 шақырымдық қашықтықтарда өзара мықтыны анықтады.


Спорттық шараның мәртебесін арттыру мақсатында биыл додаға тұңғыш рет шығысқазақстандық «Altay Athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубының спортшылары қатысқанын айта кеткен жөн. Мәселен, 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіргендердің арасында талай байрақты бәсекенің жүлдегері атанған кениялық желаяқтар да болды. «Гауһар лига» жарысының кезеңдерінде сан мәрте топ жарған африкалық спортшылар бабында екенін дәлелдеді. Қыздар бәсекесінде Нора Джеруто 10 шақырымдық қашықтықты 32,04 минутта жүгіріп өтіп, тұғыр биігіне көтерілсе, екінші орынға «Altay Athletics» клубының тағы бір мүшесі Дэйзи Джипкемей ие болды. Оның көрсеткіші 32,05 минутқа тең.


Ерлер бәсекесінде де шығысқазақстандық клубтың атлеттеріне лайықты қарсылық көрсете алатын спортшылар табылған жоқ. 10 шақырымдық қашықтықты бәрінен бұрын кениялық Шэдрак Коеч (30,52 минут) жүгіріп өтті.


Айта кетейік, Astana Marathon марафоны елордада 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы жарыс қатысушылары жағынан рекордтық көрсеткішке ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив