KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями Штиль
481.84 531.33 5.07

Жармалық жас боксшы халықаралық турнирде топ жарды

11.01.2019, 10:39 176


Жарма ауданының жас спортшысы Расул Рымжанов, Сидней олимпиадасының чемпионы Ерма­хан Ибраимовтың жүлдесіне арналған халықаралық жарыста жеңімпаз атанды.


Расул Рымжанов - Қалбатаудағы Маяков­ский орта мектебінің 6-сынып оқушысы. Ол боксты 2-ші сыныптан бастап серік етіп келеді. Сол уақыттан бері облыстық, республикалық жасөспірімдер арасындағы сайыстарда тек 1-ші орыннан көрініп жүр. Былтыр облыстың Аягөз, Ақсуат, Ұлан ау­дандарында өткен турнирлерде үздіктердің қатарынан көрініп, мамандардың оң бағасына ие болды. Әсіресе Сидней олимпиадасының чемпионы Ерма­хан Ибраимовтың жүлдесіне арналған халықаралық тур­нирде, жекпе-жек жүргізудегі ерекше әдісімен есте қалды. Спортпен қатар жармалық жастың оқудағы жетістіктері де жаман емес. Жеке бапкері Бауыржан Көшкінбаев, шәкіртінен зор үміт күтетінін жасырмады. Десе де жұдырық түйістірудегі әдіс-айлаларды әлі де жетілдіре түсу керек екенін атады.


-Боксқа де­ген қызығушылым кішкентай кезімнен басталды. Осы спорттың әдіс-тәсілін үйретіп, түрлі жарыстарға жете­леп жүрген жаттықтырушыма алғысым шексіз. Бекзат пен Ермахан, Бақтияр мен Даниярдай мықты боксшы болу­ды армандаймын. Жетістіктерге жету үшін, табанды еңбек етіп үнемі жаттығып жүруді әдетіме айналдырамын. Спорт­пен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақ болуға шақыратынын туыстарым үнемі айтып жүреді. Келешекте еліміздің туын биіктен желбіретуді армандаймын,- дейді жас боксшы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив