KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 3 м/с, СБ
530.12 546.08 5.17

ШҚО-да 43 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

9.01.2023, 14:20 619 Ләззат Қанатқызы

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ШҚО-да -30...-43 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжып жатыр. Осыған байланысты еліміздің көп бөлігінде қатты аяз сақталады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Ауа температурасы батыста түнде 27-35, күндіз 15-25 аяз, республиканың оңтүстік-батысында түнде 12-23, күндіз 5-15 аяз, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 32-40 аяздан 20-30 аязға дейін, күндіз 27-35 аяздан 13-22-аязға дейін ауысады, - дейді синоптиктер.

Орталықта негізгі фон түнде 35-40, өңірдің оңтүстігінде 25-30 аяз, күндіз 20-30 аяздан 15-26 аязға дейін, шығыста ауа температурасы түнде 20-33 аяздан 30-43 аязға дейін, күндіз 15-23 аяздан 23-33 аязға дейін суытады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу