KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да қылмыскердің жазасы 1,5 жылдан 10 жылға өзгертілді

10.07.2019, 12:03 139

Кәмелет жасқа толмаған қызды зорлауға қатысты бұл оқиға ШҚО-дағы ауылдардың бірінде біршама уақыт бұрын болған. Алайда қылмыскерді жауапқа тарту ісі тым ұзаққа созылып, ақыры, ол жеңіл жазамен құтылып кеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Күдіктіні жауапқа тарту бойынша тергеу жұмыстары мен істі қарау барысының ұзаққа созылғаны сонша, ол, тіпті, арасында әскерге барып, азаматтық борышын өтеп келген екен.

Бірінші инстанциядағы сот оған 1,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындапты. Алайда іс апелляциямен қайта қаралып, жазасы 10 жылға дейін ұзартылды.

ШҚО сотының аппеляциялық комиссия төрағасы Қайрат Шақпантаевтың айтуынша, соңғы айда бес қылмыстық істің үкімі қайта қаралып, тағайындалған жаза өзгертілген екен.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу