ШҚО: Әйелін қорқыту үшін жалған арыз жазған ер адам сотталды
Фото: atpress.kz
Полицияға жалған арыз жазған Ұлан ауданының тұрғыны 2 жылға сотталды.
Ер адам мұндай қадамға өз әйелін қорқыту үшін барған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
"Ер адам телефон арқылы әйелімен жанжалдасып қалған. Алдымен, отбасындағы көліктің иесі болған әйел оған көлікті жеке мақсаттарына жиі пайдаланатын айтқан. Қатты ашуланған күйеуі ағасына хабарласып, көлікті гаражына жеткізіп беруін өтініп, артынша полицияға көліктің ұрланғаны туралы хабар берген", - дейді ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері оған жалған хабар берген жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескерткен. Десе де, ер адам ескертуді елеместен заңға қайшы әрекетін жалғастыра берген. Қазіргі сотталған ер адам Ұлан аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған көрінеді.
Оқи отырыңыз