KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
443.44 480.51 4.88

Тарбағатайлық тұрғын заңсыз балық аулаған

Фото: elorda.info

28.11.2023, 14:20 122 Ләззат Қанатқызы

Заңсыз балық аулаған Тарбағатай ауданының тұрғыны ұсталды. Ер адамнан 80 келі балық тәркіленген

Зайсан көлінің жағасында жедел алдын алу іс-шараларын өткізу барысында полицейлер заңсыз балық аулаумен айналысқан 44 жастағы ер адамды ұстаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Табиғатқа келтірілген залал – 500 мың теңгеден асты.

Оның ішінде көксерке – 53 келі, шортан – 22 келі, қарақұйрық – 5 келі, сондай-ақ одан қайық пен мотор бар.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив