KZ
Өскемен
туман Штиль
479.71 533.77 5.16

Көліктің дөңгелегінен кептірілген марихуана табылды – Жарма

25.03.2021, 11:45 100

Жарма ауданында ер адам аса ірі көлемдегі есірткі заттарын еркін тасымалдаған.

ШҚО полицейлері мен әскерилер бірлесіп Жарма ауданы Қалбатау кентінің маңында «Алматы-Өскемен» автожолында «Volvo-580» маркалы автокөлікті ұстады. Көлік салонында Жамбыл облысының 39 жастағы тұрғыны мен автокөлік жүргізушісі болған.

- Жеңіл автокөлікті тінту барысында автокөлік ішінен екі автомашинаның қосалқы дөңгелегі табылды, олардың ішіне скотч лентасымен оралған «кептірілген марихуананың» түйіншектелген 19 бумасы табылды, - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов. 

Тергеу барысында күдікті танысына мән-жайды айтпай, оның автокөлігімен Өскемен қаласына дейін қосалқы доңғалақтарды жеткізіп беруді өтінгені анықталды. Бұған дейін аталған ер адам полиция қызметкерлерінің назарына ілікпеген. Жедел уәкілдер күдіктінің Жамбыл облысынан есірткі жеткізу арнасын ұйымдастыруға тырысқанын анықтады. Тәртіп сақшылары есірткі арнасына қатысы бар адамдардың жеке басын анықтап жатыр.

ШҚО бойынша сот сараптамасы институтының қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 19,5 килограмды құрады.

Күдікті қамауға алынды, ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив