Тұғылда спорт кешені салынады
Ашық дереккөздерден алынған сурет
Тарбағатай ауданына қарасты Тұғыл ауылында денешынықтыру және спорт кешенін салу жоспарланып отыр.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде бұқаралық спортты дамытуға да баса назар аударған болатын.
Осы орайда, спорт саласын дамыту мақсатында биыл Тұғыл ауылында денешынықтыру және спорт кешенін салып, әлемдік және халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндіктер пайда болмақ.