Металлургтер кәсіби мерекелерін қалай тойлады?
Өскеменде Металлургтер кәсіби мерекелерін атап өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
19 шілдеде «Казцинк» металлургтер күніне арнап салтанатты кеш ұйымдастырды.
– Металлургтер күнін бүкіліміз зор қуанышпен қарсы аламыз. Себебі, бұл күн әрқайсымыз үшін ерекше. Металлургия саласындағы мақсаты бір жандардың бәрі осында, – дейді «Казцинк» компаниясының әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.
Кеш жүргізушілері Тәуекел Мүсілім мен Майя Веронская атаулы шараның қызықты өтуіне үлес қосты. Қызметте жақсы нәтиже көрсеткен бөлімдерді марапатталды.
Сонымен қатар, мың бұралған бишілер мен Айқын Төлепберген, Игорь Николаев сынды эстраданың жарық жұлдыздары жиылған қауымның көңіл-күйін көтерді.
Салтанатты шара отты шоумен аяқталды.