KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Тұғылда субұрқақ салынды

Фото: historyhumanlife.com

1.09.2023, 10:32 165

Тіршілігін Зайсан көлімен байланыстырған Тұғыл ауылында жанды жұмыстар аз емес. Таяуда ауыл тұрғындары мен келген қонақтардың серуендеуіне жақсы мүмкіндік беретін жоба іс жүзіне асты. Орталықта Мәдениет үйінің алдынан субұрқақ іске қосылды.

Бүгінде ол жерде біреулер баласын, енді біреулер немересін ойнатып мәз-мейрам. Түрлі түсті реңмен мың бұрала айналасын салқындатып, жақсы көңіл-күй сыйлап тұрған субұрқақ ауылдың ажарын ашып-ақ тұр. Бұрын аудан орталығынан көріп, бізде де осындай болса ғой деген тілек те орындалды.

Алдағы уақытта балалар ойын алаңының салынатындығы да жергілікті тұрғындардың қуанышын еселеп тұр. Биыл жазда құрылысы басталған спорт кешені көптің көкейінде талайдан жүрген, талай жиында мінберден айтылған мәселе еді. Ол армандаған дүниеге де қол жеткен. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына еніп, іс жүзіне асуда. Қазіргі таңда Тұғылда «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында аз қамтылған көпбалалы отбасыларға арнап екі баспана салынуда.

Ендігі мақсат – Тұғылдағы Ш.Уәлиханов орта мектебінің жанынан салынған, белгілі бір себептермен аяқсыз қалған ғимараттың құрылысын толықтай аяқтап, қолданысқа енгізу арқылы мектептегі оқушы жүктемесінің мәселесін шешу. Бұл бағытта жергілікті атқарушы билік тиісті жұмыстар атқарып, мәселені 2025 жылға дейін түпкілікті шешпек.

Ал аудан көлемінде ауылдарды абаттандыру бойынша 12 жоба болса, соның екеуі Тұғыл ауылдық округінде іске асты. Біреуі – субұрқақ қолданысқа берілсе, екіншісі – округке қарасты Байтоғас елді мекенінен балалар ойын алаңы салынды.

Ерлан Бапанов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив