Тұғылда екі тұрғын үй құрылысы басталды
Фото: oldkaz.kyzylorda-news.kz
Тарбағатай ауданына қарасты Тұғыл ауылында «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында екі тұрғын үй құрылысы басталды.
Аталған баспана көпбалалы отбасыларға және әлеуметтік тұрғыда осал санатындағыларға, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Айта кету керек, қазіргі күні Тұғал ауылында спорттық сауықтыру кешені де салынып жатыр. Оған 900 млн теңге қаржы бөлінген болатын.
- Екі мектептің де спорт залдары кішкентай болатын, бірақ соған қарамастан ауылымыздан көптеген чемпиондар шығып жатыр. Осындай үлкен спорттық кешен салу баршамыздың арманымыз болатын, бүгінде арманымыз орындалды, - дейді Тұғыл ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмір Егінбаев.
Жалпы, ауыл көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары мен абаттандыру жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз