Семейде Ертіс су бассейні инспекциясының жетекшісі сотталды
Өткен жылы көктем мезгілінде Ертіс су бассейні инспекциясы жетекшісінің үстінен қылмыстық іс қозғалған еді. Бұл іс бойынша сот шешімі биыл шығып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шүлбі ГЭС інен шыққан су үш есеге артуына шенеуніктің өз жұмысына салғырттық танытуы себеп болған екен. Соның салдарынан 280 жер үй суға ағып, 500 құрылыс шайылып кеткен. Саяжайда 500 үй суда қалады. 450 адамды шұғыл эвакуация жасап, көшіруге тура келген.
Семей №2 қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, шенеунік екі жылға бас бостандығынан айрылды. Үш жыл лауазымды қызметті жетекші болу құқығына да шектеу қойылған.
Оқи отырыңыз