KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 2 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

Құтқарушылар пештің күлін сорғымен тегін шығарып береді

25.02.2019, 08:24 207

Төтенше жағдай қызметкерлері өрт шығу мен уланудың алдын алу шараларын іске асырып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Белгілі декреккөздерге сүйенсек, Өскеменде жыл басынан бері 50 жерден өрт шығып, 1 адам қаза болған. 2 адам газдан уланып қалған.


– Құтқарушылар жеке үйлерді бақылап, иелеріне қауіпсіздік шараларын түсіндіріп отыр. Көпбалалы шаңырақтар ерекше бақылауда, – дейді төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметкері.


Құтқарушылармен бірге «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының қызметкерлері де үйлерді аралап, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың пешінің күлін сорғымен тегін шығарып беріп жүр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив