KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Ұлыбританиядан велосипедпен шыққан өрт сөндіруші Семейде аялдады

27.05.2013, 18:00 139


Семей қаласындағы өртке қарсы қызмет мамандары кездейсоқ қонақты қабылдады. Семейлік төтеншеліктер Ұлыбританияның Принстон қаласынан велосипедпен әлемдік саяхатқа шыққан ағылшындық әріптестері Калеб Деббаджпен кездесті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ұлыбританиядан велосипедпен шыққан өрт сөндіруші Семейде аялдады"Өткен жұма күні бізге облыстық ТЖД телефон шалып, біздің қалаға Ұлыбританиядан қонақ келе жатқанын, оны тосып алу керектігін ескерткен болатын. Біз оны барлық қонақ үйлерден іздеп, шарқ ұрдық.. Ақпарат бізге кешігіп жеткендіктен, біз тосып ала алмадық. Павлодар мен Барнаул қалаларының жол сақшылары ондай жолаушының Семейден шықпағанын айтты. Абырой болғанда, оның электронды мекенжайы бар екен, сонымен байланысқа шықтық. Біз онымен сенбі күні жолығып, қонақ үйге орналастырдық» дейді қалалық ТЖ басқармасы өрт-техникалық орталығының жетекшісі Наталья Рыкова.

Ұлыбританиядан велосипедпен шыққан өрт сөндіруші Семейде аялдады
Ұлыбританиядан велосипедпен шыққан өрт сөндіруші Семейде аялдады
Ұлыбританиядан велосипедпен шыққан өрт сөндіруші Семейде аялдады

Тұманды Альбионнан келген өрт сөндірушінің айтысына қарағанда, 5 жыл қызметтен соң оларға күштерін толтыру, тынығу үшін 1 жыл деамалыс беріледі екен. Оның әріптестері осындай ұзақ деамалыс кезінде саяхатқа шығып тұрады. Калеб бұл дәстүрді бұзғысы келмепті, тек саяхатқа велосипедпен аттанған. Ол қазір Еуропаны түгел аралап, Иранда, Түркияда, Өзбекстан, Қырғызстан жерінде болыпты, Алматы, Талдықорған шаһарларынан өтіп, Семейге жеткен. Ол өзін жергілікті әріптестері іздестіргеніне таң қалыпты. Ағылшын азаматы саяхат барысында, оның ішінде Қазақстанда да оған кездескендер қайырымды болғанын айтады. Өз көмектерін ұсынып, қонатын жер қарастырып, бауырмалдық танытыпты. Алайда саяхатшы палаткада ұйықтап үйренген екен. «Жолыққан жаңа таныстарымның барлығы қызықтап, көп сұрақ қояды» деп күледі Калеб.

Калеб Деббаджтың мамандығы философ, алайда кенет кәсібін өзгертуді қалап, өрт сөндіруші болады. 25 елді басып өткенде кейбір жерлерде әріптестерімен кездесіпті. «Өрт сөндірушілер бұл бір туған ағайындылар сияқты, бұған менің көзім осы сапар кезінде әбден жетті. Мен Греция, Германия, Иран, Армения, Хорватия, енді, міне, Қазақстандағы әріптестеріммен жүздестім» деді К.Деббадж.

Семейде ұлыбританиялық қонақ қалалық ТЖБ мұражайы мен өртке қарсы қызмет бөлімшесінде болды, біздің өрт сөндірушілердің жұмыс киімін киіп көрді. Ары қарай велотурист Ресейдің Новосібір қаласына аттанбақ. Содан кейін Красноярск, Иркутск қалалары, міндетті түрде Байкал көліне тоқтап, ары қарай Үланбатор мен Қытай аспақшы. Сол жақтан еліне оралады.

Айна Бәкімбаева

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив