ПИК-те қарызы барларға банктер несие бермей отыр
Өскеменде пәтер иелері кооперативі (ПИК) алдында қарызын өтемей жүрген тұрғындарға шара қолданылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
-Өскемен бойынша пәтер иелерінің қарызы қазір 265 996 000 теңгені құрап отыр, – дейді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Фархат Жилибаев.
Қарызды өтеу бойынша мәселені шешу үшін ПИК Ассоциациясы мен «Бірінші несие бюросы» ЖШС арасында меморандум шарты жасалған еді. Осы шарттың нәтижесінде міндетті төлемдер бойынша қарызы бар пәтер иелері несие рәсімдей алмайды Меморандумның негізі мақсаты мен міндеті – ПИК мүшелерінің заңды құқығын қорғау, ал бұл тұрғын үй қорын қауіпсіз және дұрыс ұстаудың бір бөлігі болып табылады.
ПИК ассоциациясының ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда 1617 меншік иелері борышкерлер тізімін бастап тұр. Олардың ПИК қызметі бойынша қарыздары 90 күннен астам уақыт өтелмеген екен. 27 борышкерге тұтыншылық несие берілмеді.
Борышкерлер бойынша ақпарат www.kdmyk.kz. сайтында көрсетіледі. Әр меншік иесі өзінің ПИК алдындағы қарызын «Тізім – борышкерлер тізімі» бөлімінде ЖСН арқылы біле алады.