ШҚО колониясындағы қызметкер «Аналар күніне» орай дәрігерлерге торт пісірді
![](/kz/uploads/posts/iblock/5ca/5ca2147da02046573967a2d9d269036a.jpeg)
Семей қаласындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекеменің қызметкері әлемді жаулаған пандемияға шалдыққан балаларды емдеп жатқан медицина қызметкерлері-аналарға арнап, торт пісіріп, тарту етті.
Әйгерім Мұратбекқызы мекеменің қаржымен қамтамасыз ету қызметі басшысының орынбасары болып қызмет атқарғанына 8 жыл болған. Өзінің жұмысын жақсы меңгерген Әйгерім Мұратбекқызы әріптестері арасында өте беделді. Адал қызметі үшін мекеме басшылығымен, қала әкімшілігімен, ШҚО бойынша ҚАЖД-мен марапатталған Әйгерім өзінің қызметтен бос уақытында сүйікті ісі-торт пісірумен айналысады.
Семей қаласының «орталық полиция бөлімінде» жедел уәкіл болып қызмет ететін жолдасы-Амангелдімен 6 жасар ұлы Расул да анасының торттарын өте ұнатады. Бүгін қалада жас балалар арасында инфекциялық аурулардың көп таралып жатқанын естіген Әйгерім «Семей қаласының балаларға араналған инфекциялық ауруханасының» қызметкерлеріне арнайы торт пісіріп, тарту етуді шешкен.
«Бүгінгі тосын сыйға барлығымыз риза болып қалдық. Бұл бір ойламаған жерден болған іс-шара болды. Әйгерім Мұратбекқызының торты қандай әдемі болса, өзі де сондай әдемі мейірбан жан екен. Бүгінгі күні біздің емханада барлығы 16 бала емделіп жатыр. Олардың ішінде ауыр жағдайда 1 бала бар. Біздің жұмысымыз қазір 15 күндік кезекшілікпен атқарылып жатыр. Бүгінгі мерекемізбен өзіміздің балаларымыздан басқа құттықтау аламыз деп ойламаған біздерге бұл үлкен мәртебе болды. Әрине күндіз түні ауру адамдарды күту адамды қажытады. Біздің адамзат алдындағы міндетіміз-денсаулық сақтау болғандықтан, «ақ алатты абзал жан» деген мәрбебелі атқа сай болуымыз керек» - дейді инфекционист-дәрігер Бақытжан Кадырбекова.
«Мен осы пандемия басталғалы жанталасып, адам өміріне арашашы болып келе жатқан ақ халатты абзал жандарға сый жасауды ойлап жүрген болатынмын. Бүгін міне мекеме әкімшілігінің қолдауымен «аналар күніне» өз арманым орындалды. Торт жасауды өзім ұнатамын. Туыстарыма достарыма да арнайы тапсырыспен пісіріп жүрмін. Бүгінгі торт «сникерс» деп аталады. Бұл тортты бір ерекше ынтамен пісірдім, және ол жақсы шықты. Болашағымыз балаларды емдеуші адамдарға басымды иіп үлкен рахмет айтамын» дейді Әйгерім Мұратбекқызы