Өскемен полицейлері жүргізушілерге бақылауды күшейтті
Облыс орталығында "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы жүріп жатыр, ол 19 қыркүйекке дейін жалғасады.
Осылайша тәртіп сақшылары көлік жүргізушілеріне ерекше көңіл бөлетін болады. Олар жол жүру ережелерін бұзған автожүргізушілерді анықтайды.
Мәселен, мас күйінде көлік тізгіндеген, қарсы жолақпен жүрген, маневр жасау барысында ереже бұзған, жаяу жүргіншілер жолағындағы тәртіпті бұзған көлік жүргізушілер назардан тыс қалмайды.
.
Оқи отырыңыз