Праймериз: ШҚО-ның 6 ауданында ашық пікірсайыстар басталды
Nur Otan партиясының уумақтық филиалдардың атынан праймеризге қатысушылар пікірсайыс барысында тұрғындарды мазалайтын сұрақтарды талқылап, өз бағдарламаларын таныстырды.
Алтай ауданы бойынша: Бұқтырма су қоймасы жағалауындағы туристік инфроқұрылымды жақсарту қажеттігін, сондай-ақ Жаңа Бұқтырма кентіндегі қазақ мектебі орналасқан ғимараттың заман талабына сай емес екендігі сөз етілді.
Дипломмен ауылға бағдарламасы аясында жас мамандарды ауылдық жерлерге тартуды және шаңғы спортын дамыту үшін жаттықтырушыларға қосымша жұмыс орнын ашу мәселесін Шемонаиха ауданының праймеризге қатысушы үміткерлері көтерді.
Семей, Курчатов, Бесқарағай, Катон-Қарағай аудандарында өткен ашық пікірсайысқа қатысушылар өңірлердің әлеуметтік мәселелерін көтеріп өз ұсыныстарымен бөлісті.