KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
506.43 522.43 5.28

Жармада «Қарамола» мекені қайта жаңғыртылды

11.09.2020, 09:26 310

Жарма ауданындағы «Қарамола» мекенін қайта жаңғырту бойынша жұмыстар жүзеге асырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлімдеді.

- Ұлтымыздың Ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында Ақын Төбе би болып сайланып, Билер ережесін қабылдаған «Қарамола» мекенін қайта жаңғырту жұмыстарын жүзеге асырған болатынбыз. Бүгінде аталмыш бастамалы ісіміз толықтай аяқталып, таяуда тарихи мекенге апаратын жол қиылысына арнайы белгі қойылды, - дейді аудан басшысы.

Мұндағы мақсат - Абайдың есімін ұлықтай отырып, өңірлік туризмді дамыту. Әкімнің айтуынша,  бұл іс бүгінде өз нәтижесін беріп, «Қарамола» мекеніне ат басын бұрып, танысушылар қатары артып келеді екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу