ШҚО колониясында отырған ер адам 10 ай көрмеген жарын көрді
![](/kz/uploads/posts/iblock/1be/1be4b7a77022e48f3997e11589e6b482.jpeg)
Семей қаласындағы қатаң режимдегі ОВ-156/14 мекемесінде елімізде короновирустық инфекциясына байланысты төтенше жағдайдың енгізіліп, карантиндік шектеулер қойылғаннан бері сотталғандардың туыстарымен кездесуіне тыйым салынған болатын.
Қазір вирустың қаупі сейіліп,кездесулерге рұқсат беріліп, мекемеде алғашқы кездесу өтті.
Бұл күнді Серік асыға күтті. Жасаған қылмысы үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылған, жаза өтеудің жеңілдетілген түрінде ұсталатын Серікке ұзақ мерзімді кездесу әр үш айда бір рет ұсынылады.
«Қылмыстың өтеуі - жаза екендігін білемін. Дегенмен жанұяммен кездесу мүмкіндігімнің бар екендігіне қатты қуанамын. Болған іске болаттай мықты болып, сүйікті адамдарыммен қайта бостандықта қауышқым келеді. Ол үшін колония әкімшілігімен барлық жағдай жасалған»-дейді Серік.
Кезекті кездесу уақытында карантиндік шектеулер қойылып, кездесулер тоқтатылған болатын. Сол себепті ол жары Айгулмен 10 ай кездеспей, ал өзінің кенжесі - Айзеренің алғашқы сөздерін естімеген еді.
«Кездесулердің тоқтатылған мақсаты сотталғандар арасында вирустың тарқауының алдын алу болып табылса, сотталғандардың әлеуметтік пайдалы тбайланыстары және туыстарымен байланыстарын күшейту олармен тәрбие жұмысын жүргізуге туыстарының қатысуы-бұл осы кездесулердің негізгі мақсаты болып табылады. Ұзақ мерзімді кездесу орындары керекті жарақты құралдармен толық қамтылған. Барлығы 10 ұзақ кездесу орындары болса, 8 қысқа мерзімді кездесу кабиналары жарақтандырылған» дейді мекеме бастығы әділет полковнигі Самат Ахмеджанов.