«Барселона» Мессиге қандай шара қолданатыны белгілі болды
Лионель Месси клуб басшылығына маусым алды жиындарға қатыспайтынын ескертті. Ал «Барселона» аргентиналық шабуылшыға шара қолданбақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Vesti.kz мәліметінше, клуб басшылығы Месси жаттығуларға қанша күн қатыспаса, соншалықты айлығын қысқартып отырмақ. Мұның алдында Месси ПТР-тест тапсыруға келмеген.
Еске салайық, 25 тамызда Месси «Барселона» басшылығына клубтан кететінін хабарлаған. Аргентиналық әр маусым соңында келісімшартты үзуге рұқсат беретін мүмкіндігін пайдаланбақ. «Барселона» футболшыны өзге командаға тегіннен-тегін бере салғысы келмейді, сол себепті футболшыға 222 миллион және 1 еуро деген елде жоқ баға белгілеп қойды.