KZ
Өскемен
-10°
ясно жел 4 м/с, В
506.43 522.43 5.28

"Борат-2" шығуы мүмкін. Саша Коэн тағы бір фильм түсіріп жатыр

20.08.2020, 07:33 252

Борат рөлін сомдаған актерді АҚШ-тың түсірілім алаңынан байқаған, деп хабарлайды DailyMail сайты.

Әйгілі фильмдегі Бораттың рөлін сомдаған Саша Барон Коэн Калифорнияның Лонг Бич көшелерінің бірінде пикап машинасын басқарып келе жатқанын байқайды. Басылым актердің «Бораттың» екінші бөлімінің түсіріліміне қатысуы мүмкін деп болжаған.

Бейнежазбада актер «Борат» өзінің әйгілі сұр пенжегін шешпек болады.

Айта кетейік, «Борат» фильмі 2006 жылы жарыққа шығып, «Оскар» сыйлығына ұсынылды. Фильмдегі рөлі үшін Коэн «Ең жақсы комедиялық актер» номинациясымен «Алтын глобус» атағын алды. Фильмді Қазақстанда көрсетуге тыйым салынған.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу