Жарма ауданында қайырымдылық акциясы бастау алды
Жарма ауданында Тұңғыш Президент күніне орай қайырымдылық акциясы басталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Қайырымдылық акциясы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні және Жаңа жылға тұрмысы төмен және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету мақсатында бастау алып отыр. Мейрам күні аудан басшысы Қалбатау ауылының бірқатар тұрғындарының тұрмыс жағдайымен танысып, азық-түлік пакетін табыстаған екен.
Акция ауданның барлық ауылдық округтерінде әкімдердің, мәслихат депутаттарының, шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен өтуде. Қайырымдылық шарасы алдағы уақытта жалғасын табады.