ШҚО-да екі бірдей адамды аяусыз өлтіріп, тұншықтырған қылмыскер ұсталды
Үстіміздегі жылдың 9 қаңтарында Катонқарағай ауданының Шұбарағаш ауылында 52 және 56 жастағы екі тұрғынді тұншықтырып, аяусыз өлтірген оқыс оқиға болған.
Полиция резонанс тудырған аса ауыр қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Оқиға шаруа қожалығының жайылымдық жерінде болды. Өлтірілген адамдардың денелерінен көптеген дене жарақаты мен тұршықтыру белгілері табылған.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, іздеуде жүрген күдікті бұрын сотталған, Алматы облысының Қапшағай қаласының 36 жастағы тұрғыны. Қазір ол ұсталып, қамауға алынды.
- Барлық қажетті тергеу және жедел іс-шараларының нәтижелері бойынша енкі бірдей адам өлтіру туралы қылмыстық іс Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына маңызы бойынша қарауға жіберілді. Қазір сот процесі жүріп жатыр, - деді полиция департаментінің басшысы полковник Сағат Мәдиев.
Департамент басшысының айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылдың жеті айында 40 кісі өлтіру фактісі тіркелген. Олардың барлығын полиция тапты.