Белсенді жастар бетперде таратты – Өскемен
![](/kz/uploads/posts/iblock/8b7/8b7296c4fe525af9d411b1d80242bf43.jpg)
«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар Қанатының облыстық филиалының ұйымдастыруымен 300 дана бетперде таратылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
11 тамыз күні белсенділер қоғамдық орындарда қала тұрғындарына бетперде таратумен қатар, қауіпті індетке қатысты профилактикалық түсіндіру жұмыстарын да жүргізді. Тәртіп талаптары мен санитарлық ережелерді естен шығармауды да ескертті.
– Қауіпті вирусқа қарсы тұру үшін әрбір азамат жауапкершілік таныта білуі қажет. Сақтық шараларын күшейтіп, санитарлық талапты қатаң сақтағанда ғана оң нәтижеге қол жеткізетінімізді естен шығармайық, – дейді Өскемендегі жасотандықтар.