KZ
Өскемен
-31°
туман жел 1 м/с, СБ
511.18 530.6 5.28

Өскеменде еріктілер тұрғындарға бетперде таратты

21.07.2020, 09:59 60

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар Қанатының Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы бүгін қоғамдық орындарда қала тұрғындарына медициналық бетперде таратты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Іс-шара облыс орталығындағы арбат маңында, Қасым Қайсенов атындағы және Жамбыл атындағы саябақтардың жанында ұйымдастырылды. Еріктілер қала тұрғындарына медициналық маска таратып,  қоғамдық орындардағы азаматтық жауапкершілікті арттыруға күш салды. Сондай-ақ бұл қауіпсіздік шараларын күшейтудегі кішігірім бір қадам еді. Тұрғындар да қамқорлық танытып, тегін бетперде таратқан белсенділерге алғыс айтты.

Карантиннің негізгі мақсаты – коронавирус инфекциясының таралуыны тосқауыл қою. Сондықтан тұрғындардың сақтық шараларын сақтап, үйден шықпауын сұраймыз – дейді Өскемендегі жасотандықтар.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу