KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Жарма ауданының елді мекендерінде көшелер қалыпқа келтіріледі

4.08.2020, 09:12 180

Жарма ауданының елді мекендерінде көшелер қалыпқа келтіріледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлімдеді.

- Ауданда жол қатынасы қашанда өзекті әрі басты назардағы мәселелерді бірі. Биыл мемлекеттік және облыстық бағдарламалар шеңберінде ірі елді мекендердің көшелерін қалыпқа келтіру жұмыстарын жүзеге асырудамыз. Атап айтатын болсам, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында төрт бірдей жобаны жүзеге асырып отырмыз, - дейді аудан басшысы.

Тқрт жобаның ішінде Қалбатау ауылы мен Шар қаласын қамтылған екен. Ал «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Әуезов кенті мен аудан орталығында көшелер қалыпқа келтірілуде.

Өткен жылы бастау алған жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде бірқатар ішкі жолдар қалыпқа келтірілген.

- Келешекте бұл бағыттағы жұмыс жоспарларымыз ауқымды. Яғни, кезегін күткен жобалық жұмыстарды кезеңмен жүзеге асыра беретін боламыз, - дейді әкім.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив