KZ
Өскемен
-23°
туман жел 2 м/с, ОБ
511.18 530.6 5.28

ШҚО коронавирустан емделгендер саны бойынша екінші орында

31.07.2020, 19:32 58

30 шілдедегі күнгі көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстанда 129 науқас қауіпті індеттен емделіп шыққан. Сонымен қатар 109 адам үй жайындағы карантиннен шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аймақ бойынша ең жоғарғы көрсеткіш Семей және Өскемен қалаларында тіркелген. Семейде 52 науқас инфекциялық бөлімнен жазылып шықса, Өскеменде - 44 науқас.  

Жалпы көрсеткіш бойынша аймақта 3340 науқастың 2280-і жазылып шыққан. Сондай-ақ, 2888 симптомсыз науқастар арасынан 1871 үй карантинінен шықты.

Сoronavirus2020.kz сайтындағы мәліметке сәйкес, 30 шілдедегі емделгендер саны бойынша Атырау облысы бірінші орында тұр, екінші орында - ШҚО, үшінші орында - Батыс Қазақстан облысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу